Жамбыл облысында аграрлық өнімдерді терең өңдеу бағытында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

0

Жамбыл облысында аграрлық өнімдерді терең өңдеу бағытында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдейтін кешені. Жобаның жалпы құны 800 млрд теңгені құрайды. 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның алғашқы кезеңі іске қосылып, 500 мың тонна жүгері өңделеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 3 млн тонна жүгері өңдеп, өңірдің индустриялық әлеуетін айтарлықтай арттырады. Бұл өз кезегінде жүгері егіс алқаптарын 2029 жылға қарай 80 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.