Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жалпы облыс аумағындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Сонымен қатар елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төндіруі мүмкін 12 су қоймасы бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаров қазіргі таңда елді мекендерде қар жамылғысы мен топырақтың қату деңгейі жоқ екенін жеткізді. Гидрологиялық деректерге сәйкес өзендердегі су деңгейі тұрақты, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Өңір басшысы ауа райының күрт жылынуы таулы аймақтардағы мұздықтардың еруіне әкеліп, көлбеу ағын қаупін күшейтуі мүмкін екенін атап өтті. Алдағы аптада жауын-шашынның мол түсуі болжанып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.