29 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының ХХX есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, оған партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Дәулет, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесі мүшесі Лугмар Буларов, партияның Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері қатысты.
Алдымен конференцияның мандат, хатшылық және есеп комиссиялары сайланып, одан кейін жиынға төрағалық еткен филиал төрағасы Р.Дәулет күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде партияның Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын бекіту, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша филиал төрағасы Р.Дәулет есеп берді. Партияның қазіргі жұмысы жауапкершілік, жариялылық, сапалық, есептілік және ашықтық қағидаттарына негізделгенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
«Соңғы жылдардағы Жамбыл облысы аумағында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде партияның Қордай аудандық филиалына қарасты 24 бастауыш партия ұйымы, 204 партиялық топтың қатарында ерік-жігері мол, еліне адал қызмет атқарып жүрген 4896 партия мүшесі есепте тұрады. Жыл сайын аудан партия ұйымдарының қатары – жас партия мүшелерімен толығып келеді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, партия қатары 100 ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік, 72 әлеуметтік сала өкілдерімен толықты», — деген Рүстем Рысбайұлы ауданда 24 бастауыш партия ұйымы соңғы екі жылда айтарлықтай жұмыстар атқарып, партияның Қордай ауданындағы қадамының тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға басуына зор септіктерін тигізе білгенні айтып, оған 2020 жылы өткізілген партияішілік іріктеу праймеризі, 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен ҚР-ның Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы дәлел бола алады, деді. Соө соңында аудандық филиал төрағасы еліміздегі барша игілікті бастамалардың басында «Nur Otan» партиясы тұрғандықтан, әрбір партия мүшесінің алдында зор міндеттер жүктелетінін естен шығармауымыз керек екенін ескертті.
Жауапкершілік. Жариялылық. Сапалық
Келесі кезекте сөз конференция делегаты, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Садықовқа берілді. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру жөнінде айтылған. Елбасы, партия төрағасы өзінің Жолдаулары мен бағдарламалық құжаттарында жемқорлықтың қоғамдағы індет екендігін және баршамызды осы індетпен күресуге шақырған. Елбасының және Қазақстан Республикасының Президентінің осы тапсырмаларын басшылыққа ала отырып баршаңызды жемқорлық атты індетпен бірге күресуге шақырамын», — деді баяндамашы.
Осыдан кейін «Отар» бастауыш партия ұйымының төрайымы, конференция делегаты И.Жанбабаева есепті мерзімде атқарған жұмыстары турасында баян етіп, алдағы уақытта да «Отар» бастауыш пария ұйымы Партияның жобаларын жүзеге асыруда, жемқорлықтың ауданымызда белең алмауына, ішкіпартиялық тәртіпті қатаң сақтай отырып, халықтың игілігі үшін жұмыс атқаратын болады, деді. Келесі кезекте аудан жастарымен жұмысты жандандыруда қолға алынған тірліктер турасында «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі, «Жас Отан» жастар қанатының басшысы М.Қарабаев баяндама жасады.
Келесі кезекте мандат комиссиясының төрайымы, делегат Д.Орумбаеваның хабарламасы тыңдалып, одан кейін «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы сайланды. 21 адамнан тұраны кеңес мүшелері туралы ұсынысты делегат Қ.Қыпшақбаева оқыды. Ашық дауысқа салынып, мүшелері бектілген соң «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегат сайлау туралы ұсыныс бойынша сөз делегат Қ.Оспановаға беріліп, ұсынған азаматтар кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Конференция ақталған соң, осы күні «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, күн тәртібіне «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы құрамын бекіту туралы мәселе қаралды. Жаңа құрам туралы ұсыныс айтылып, тізім бойынша мақұлданды.
Дайындаған Ж.Омаров