Жауынгерлік атыс – тактикалық даярлықты оқытудың ең жоғарғы түрі

0

Қазақстанның Қарулы Күштерінде бөлімшелер мен взодтардың жауынгерлік атысы өтуде.

Гвардейск гарнизонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік атысы Мәтібұлақ полигонында өтуде. Сабақтың сапалы өтуіне жеке құрамға барлық жағдайлар жасалды. Мәтібұлақ полигонында шатырлар орналастырылып, жеке құрамның тұрмыстық жағдайлары қамтамасыз етілді.

Бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік атыстары жауынгерлік даярлыққа барынша жақын жағдайларда өтеді. Бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік атыстарын жүргізу кезінде дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді қолдануға және бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударылады.

«Жауынгерлік атыста бөлімше командирлері мен жеке құрам міндеттерді практикалық орындау іс-қимылдарына үйренеді. Бұл сабақтарда жауынгерлік атысқа ғана емес, сонымен қатар іс-әрекетке дайындыққа да уақыт беріледі», — деді 3-ші танк батальонының командирі майор Жақсыбек Мырзалиев

Сабақтар бөлімшеге жүктелген міндеттерді ескере отырып, күндізгі және түнгі уақытта взводтың шабуылдағы, қорғаныстағы және арнайы әскери іс-қимылдардағы әрекеттерін көрсететін тактикалық даярлық тақырыптары бойынша жүргізіледі.

Жауынгерлік атыс – тактикалық дайындыққа оқытудың жоғарғы түрі, ол жауынгерлік үйлестірудің және бөлімшенің атыс дағдысының соңғы кезеңі болып табылады. Жауынгерлік атыс барысында бөлімшелер командирлерінің атысты басқару дағдыларын, ал жеке құрамның тактикалық және атыс міндеттерін орындау кезінде бөлімше құрамындағы бірлескен іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру жүзеге асырылады.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.