Жауынгерлік даярлық қарқынды жүруде

0

Гвардейск гарнизонында танк бригадасының әскери қызметшілері атыс қаруынан жаттығулар орындады.
Әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларды сақтай отырып, жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес атыс қаруынан жаттығулар орындады. Сондай-ақ олар атыс дайындығы сабағы барысында оқу нүктелерінде атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және нұсқаулыққа сәйкес тағы басқа нормативтерді тапсырды.
Әскери қызметшілер қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары мен қыр-сырын, жаттығу ережелері мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерген.
Сабақтың мақсаты – жеке құрамның оқ атуды жүргізу кезіндегі іс-қимылдарын практикалық тұрғыда машықтау, оқ ату нормативтерін орындауға жаттығу және қаруымен жұмыс істеу кезінде жеке құрамды сенімділікке тәрбиелеу.
– Қазіргі таңда біз оқу ату жаттығуларын үйренудеміз. Сабақ барысында қарумен нысананы көздеуді, дәл тигізуді үйренудеміз. Осындай сабақтардың нәтижесінде жоғары көрсеткіш көрсететініме сенімдімін, – деді қатардағы жауынгер Жандос Серікбаев.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.