2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жыл5ы 20 маусымдағы «Жер кодексінің» 33 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды жасаған жер пайдаланушы азаматтық-құқықтық мәміле жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын хабардар етуге міндетті.
Хабарлама тиісті азаматтық-құқықтық мәміленің нөмірі мен күні көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жіберіледі.
Сонымен қатар, осы бапты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі 98 бұйрығына сәйкес Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидалары бекітілген.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы келісім-шарттарды азаматтық мәміле жасалған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек-Жолы көшесі, 278 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімін хабардар ету қажет.
Б.ЮСУПОВ, Қордай ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімінің басшысы