Жер учаскелеріне құқықтарды аукционда сату туралы

0

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электронды түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес Қордай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы «Аудан бойынша сауда-саттықта (аукционда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімін бекіту туралы» №526 қаулысы қабылданған болатын. Аталған қаулы бойынша Қордай ауданы бойынша төмендегі кестеге сәйкес 2023 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 10:00-де 15 (он бес) лот бойынша жер учаскелері аукцион арқылы жекеменшік құқығына сатылатын болады. Жоғарыда аталған  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығына сәйкес аукцион электронды түрде  «gosreestr.kz» порталында жүргізілетін болады. Аукционды жүргізу, оған қатысу ережелерімен және басқа да тиісті ақпаратпен осы электронды сайтта танысуға болады. Сонымен қатар, осы аукцион бойынша қосымша ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінен 8(72636)2-12-74 телефонына хабарласса болады.

Ғ.СЕЙДЕКЕШ, Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының м.а.                             

 

Аудан бойынша сауда-саттықта  (аукционда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің

Т І З Б Е С І

 

 

Жер

учаскелерінің

лоттық  нөмірі

Жер учаскесінің орналасуы Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің көлемі га / шаршы метр, кадастырлық  (бағалау) құны, жер салығы төлемінің көлемі Пайдалану құқығының түрі
1 2 3 4 5 6
Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша
1 1-лот Сарыбұлақ ауылы Төле би көшесінің бойынан №1/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0560 га/560 ш.м.

131 600 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
2 2-лот Сарыбұлақ ауылы Тың көшесінің бойынан №6/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0600 га/600 ш.м.

141 000 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
3 3-лот Сарыбұлақ ауылы Смаглюк көшесінің бойынан №40/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,10 га/1000 ш.м.

235 000 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
4 4-лот Қайнар ауылы Үшқоңыр көшесінің бойынан №51/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0040 га/40 ш.м.

9400 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
5 5-лот Қайнар ауылы Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,5130 га/5130 ш.м.

1 205 550 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
Жамбыл ауылдық округі бойынша
6 6 — лот Жамбыл ауылы,

Жертоған көшесінің бойынан №1/А

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 1,0 га/10000 ш.м.

2 060 000 теңге

салық төлемі

206 теңге

Жеке меншік
7 7 — лот Жамбыл ауылы,

Жертоған көшесінің бойынан №1/Б

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,9 га/9000 ш.м.

1 854 000 теңге

салық төлемі

206 теңге

Жеке меншік
8 8 — лот Жаңатұрмыс ауылы

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,5040 га/9000 ш.м.

740 880 теңге

салық төлемі

147 теңге

Жеке меншік
Қарасу ауылдық округі бойынша
9 9 – лот Қарасу ауылы Нурлы жол көшесінің бойынан Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0274 га/274 ш.м.

64 390 теңге

салық төлемі

274 теңге

Жеке меншік
10 10 – лот Қарасу ауылы Нурлы жол көшесінің бойынан

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,4000 га/4000 ш.м.

940 000 теңге

салық төлемі

235 теңге

 

Жеке меншік
Қордай ауылдық округі бойынша
11 11 – лот Қордай ауылы, Беріктас көшесінің бойынан Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,2035 га/2035 ш.м.

598 290 теңге

салық төлемі

294 теңге

Жеке меншік
12 12 – лот Қордай ауылы, Болашақ көшесінің бойынан, №202 В Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,10 га/1000 ш.м.

294 000теңге

салық төлемі

294 теңге

Жеке меншік
Бетқайнар ауылдық округі бойынша
13 13 – лот Бетқайнар ауылы Қарасу көшесінің бойынан №2/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 1,0 га/10000 ш.м.

2 350 000 теңге

салық төлемі

235 теңге

Жеке меншік
Степное ауылдық округі бойынша
14 14 – лот Арал ауылы Бабахчиев көшесінің бойынан №37/Б Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,50 га/5000 ш.м.

1 030 000 теңге

салық төлемі

206 теңге

Жеке меншік
Ноғайбай ауылдық округі бойынша
15 15 – лот Сарыбастау ауылынан Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0600 га/600 ш.м.

88 200 теңге

салық төлемі

147 теңге

Жеке меншік

Leave A Reply

Your email address will not be published.