Өткен дүйсенбіде Степной ауылдық мәдениет үйінде Ұлы даланың жеті қыры мақаласының «Ұлы Жібек жолы» арнайы жобасы аясында «Жібек жолы ізімен» атты танымдық кеш болып өтті. Шараның басты мақсаты жастарға халықтарды жақындастыратын аса маңызды Ұлы Жібек жолының болғанын ұғындыру, Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын және оның тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету, тарихи мұралар мен ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, Ұлы жібек жолы мен Қазақстан арқылы өткен орта ғасырлық сауда жолдары туралы түсіндіру.
Шара барысында Мәдениет үйінің меңгерушісі Дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі Ұлы Жібек жолы туралы толық мағлұмат беріліп, архивтік фотосуреттерден шолу жасады. Сондай-ақ, қатысушылар да өздерінің дайындаған «Ұлы жібек жолы туралы 10 мәлімет» атты баяндамаларын көпшілікпен бөлісіп, өзара пікір алмасты.
ЖІБЕК ЖОЛЫ ІЗІМЕН
Next Post