ӘУЛИЕАТА АРУЫ-2022

0

27 мамырда Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Әулиеата аруы — 2022» атты аудандық келіндер байқауы өтті.

Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттауды дәріптеуге орайластырылған іс-шарада Әлжан ана мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Б.Абильдаев, жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Исраилова, аналар алқасының мүшесі С.Жаналинова, №23 орта мектебінің мұғалімі З.Муналовадан құралған қазылар алқасы аудан бойынша қатысқан 15 келіннің өнерін жан-жақты бағалады. Бір-бір шаңырақтың түнінін түзу түтетіп отырған арулар «Мен қазақтың келінімін», «Кім тапқыр» ситуациялық сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі өрге жүзер» келіннің өнерін тамашалау және үй тапсырмасы кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1-орынды Таңшолпан Күзімбетова, 2-орынды Назира Баекенова, 3-орынды Балжан Әлмен иеленді.. Ал «Инабатты келін» номинациясымен Назира Агадаева, «Іскер келін» номинациясымен Бекзат Исмагиева марапатталды. Байқау жеңімпаздарына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтары мен диплом, алғыс хаттары табысталды.

А. СЕЙДЕХОДЖАЕВА,
Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің
жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.