«ӘУЛИЕАТА АРУЫ — 2023»

0

17 наурыз күні Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Әулиеата аруы — 2023» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілге құрмет көрсету, халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау.
Аталмыш сайыста Қаракемер, Жамбыл, Степной, Бетқайнар, Қақпатас, Алға, Кенен, Отар ауылдық округтерінен келген жас келіндер бақтарын сынады.
Қатысушылар «Мен қазақтың келінімін» номинациясы, «Кім тапқыр?» ситуациялық сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі өрге жүзер» келіннің өнерін тамашалау және «Аспаздық өнер» үй тапсырмасы кезеңдері бойынша өзара сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Кенен ауылының келіні С.Шеңгелбай, ІІ орынды – Степной ауылының келіні М.Жеңіс, ІІІ орынды – Қаракемер ауылының келіні Ә.Раман иеленді. Байқау жеңімпаздарына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтары мен дипломдары табысталды.

Алтынай СЕЙДЕХОДЖАЕВА,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.