Жамбылдық еріктілер Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды

0

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» акция аясында жалғыз басты қарт адамдарға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға және басқа да мұқтаж азаматтарға әлеуметтік пакеттер ұсынуға атсалысқан еріктілер мен белсенді нұротандықтарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттары.

Акция Елбасы бастамасымен елде төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қолға алынған болатын.

«Birgemiz – Jambyl oblysy» қоғамдық қорынан көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңдері бойынша 838 миллион теңге бөлінген. Оған 16,7 мың адамға қолдау білдірілді. Үшінші кезең боынша Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу, Талас және Шу аудандары бойынша 10,2 мың адам қамтылып, оларға 511 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Облыс бойынша барлығы 27 мың жамбылдыққа 50 мың теңгенің біржолғы төлемі ұсынылды. Ағымдағы жылдың шілде айында төртінші кезең басталады десек, оның аясында 337 миллион теңге сомасында 6,7 мың тұрғынға көмек көрсету жоспарлануда.

Сондай-ақ, 14 286 отбасын бірінші кезектегі қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 293 миллион теңге бөлінген.

Бұл жұмыстардың барлығы еріктілердің арқасында сәтті атқарылды. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалдарының жанынан еріктілер қозғалысы құрылып, оған игі іске атсалысуға ынталы азаматтар тартылды.

Олар азық-түлік себеттерін мекен-жайлар бойынша жеткізіп беруді, жәрдемақы алуға ниеттілердің тізімін әзірлеуді ұйымдастырып, тұрғындарға коронавирустық инфекцияның алдын алу туралы ақпараттық парақшалар таратты.

— Нұротандықтар әрқашан азөаматтарға жақын болуға, қиын уақытта қолдау көрсетіп, көмектесуге тырысып келеді. Бұған дейін партия «Кедергісіз келесек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» акцияларын өткізген болатын. «Біз біргеміз!» олардың жалғасына айналды. Еріктілердің арқасында акция ауқымы кеңейе түсті.

Қарттарға ерекше қамқорлық қажет. Осы орайда жас белсенділер оларға тамақ пен дәрі-дәрмектерді жеткізіп беріп, үй шаруашылығына қолғабыс жасауда. Ерікті-дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде. Бұл қазақстандықтардың отандастарын қиын жағдайға қалдырмайтындығның және әрқашан көмек қолын созуға дайын екендігінің дәлелі, — деді Бердібек Сапарбаев.

— Қазақ халқында асар деген дәстүр бар. Онда адамдар бірігіп, үлкен жұмыстарды шынайы ниетпен және ақысыз жұмыла орындайды. Көшпелілер ежелден-ақ бір-біріне және әлсіздерге қол ұшын созып, бірге үйлер салып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырған. Бірігіп қана ауқымды тірліктерді тындыра алатындықтарын әу бастан түсінген.

Сол сияқты бүгінгі таңда еріктілердің бірлік, қайырымдылық және мейірімділік қағидаларын басшылыққа алуы қуантады. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарқын көірінісі.  Жас буынды еріктілер қозғалысына одан әрі тарта түсу үшін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының және «Жас Отан» Жастар қанатының қызметіне жаңа серпін беру керек, — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде еріктілер де Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа артқан сенімі үшін алғыстарын білдірді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек еріктілердің тәжірибесі туралы айта келе, Мақтаарал ауданындағы екі күндік сапарын ерекше атап өтті. 20 белсенді Мақтааралға 15 тонна гуманитарлық көмек жеткізген.

Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары» еріктілер қозғалысының төрағасы Аяулым Расылхан қазіргі қиындықтар жақсылыққа жаны құштар жастарды бір арнаға топтастырғанын тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.