Ғасыр жасаған әжей өз таңдауын жасады

0

Бетқайнар ауылының тұрғыны, 102 жастағы қария Зейтана Құттықова әжей бүгінгі саяси науқанға қатысып, өз дауысын берді.

Ғасырмен құрдас кейуана ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмай, азаматтық белсенділігін көрсетті. Зейтана әженің өтініші бойынша референдум учаскесінің мүшелері жылжымалы дауыс беру жәшігін оның үйіне апарып, қарияның өз таңдауын жасауына мүмкіндік жасады.

Бұл – үлкен буынның ел болашағына деген жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Зейтана әжейдің өмірлік тәжірибесі мен парасаты кейінгі ұрпаққа үлгі.

Осындай белсенді азаматтарымыздың арқасында қоғамымызда бірлік пен жауапкершілік нығая түсуде.

#Қордай #Бетқайнар #Референдум #Бірлік #ЕлБолашағы

Leave A Reply

Your email address will not be published.