ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қордай ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының ұйымдастыруымен Сортөбе және Масаншы ауылдық округтерінде «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға аудан прокуратурасының аға прокуроры Сансызбай Сапарбекұлы, комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесі, билер алқасы, әкелер және аналар кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары мен оқушылары қатысты.

Форум модераторы, комиссия мүшесі Санат Әшірбеков қатысушыларды таныстырып өткен соң, алғашқы сөз аудан прокуратурасының аға прокуроры Сансызбай Сапарбекұлына берілді. Ол қоғамдағы тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды екенін атап өтті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жастарға нашақорлық, ойынқұмарлық, әлімжеттік сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Келесі сөз кезегін алған «Отечество» славян этномәдени бірлестіктің жетекшісі Любовь Харченко жастардың қоғамдағы рөліне тоқталып: «Жастар – біздің болашағымыз. Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жастар ел бірлігі мен тыныштығының күзетшісі бола алады. Отанын сүйетін әр азамат заңды құрметтеп, адалдық пен тәртіпті өзінен бастауы керек» – деп, қатысушыларды жауапкершілікке шақырды.

Форум барысында жастарға арналған идеологиялық бейнероликтер, есірткіге қарсы, интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғаларына қатысты ақпараттық материалдар көрсетілді.

Сонымен қатар, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Аида Намазова және Қордай ауданы білім бөлімі тәрбие жұмысының әдіскері Ақмарал Қонбаева тәртіп пен қоғамдық тәрбиенің өзектілігін талқылап, қатысушылармен пікір алмасты.

Дәл осындай іс-шара бетқайнар ауылдық мәдениет үйінде өтті. Жиынға Бетқайнар ауылдық округінің әкімі, аудандық билер алқасынын төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, участкелік полиция инспекторы және әкелер кеңесі, аналар алқасының мүшелері, мектеп директорлары, оқушылар қатысты.

Жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жастарға нашақорлық, ойынқұмарлық, бопсалау сияқты зиянды әрекеттен аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, жастарға арналған бейнероликтер көрсетіліп, есірткіге қарсы, интернет-алаяқтыққа қатысты ақпараттық материалдар таратылды.

Жиын соңында №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі директорының орынбасары Қ.Орынбасаровна жастармен сұхбат құрып, тәлім- тәрбие жайында әңгіме өрбітті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.