Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қордай ауданы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен аудандық жергілікті полиция бөлімі бірлесіп кешенді іс-шара ұйымдастырды.
Шара аясында полиция лейтенанты Н.Шәмілдің жетекшілігімен Қордай ауылындағы бос және қараусыз ғимараттар тексерілді. Басты мақсат– бұл орындардың балалар мен жастар үшін қауіпті жерге айналуына жол бермеу және оларды құқық бұзушылықтан қорғау.
Зерделеу барысында әрбір нысан мұқият тексеріліп, олардың қазіргі жағдайы мен қауіптілік деңгейіне сараптама жасалды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен жастар ресурстық орталығының өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, қараусыз қалған ғимараттардың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл бастама – аудан аумағында құқықбұзушылықтың алдын алуға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы
Қоғамда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен байланысты екені белгілі.
Қордай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық комиссия мүдделі органдардың оң жұмыс тәжірибесін жинақтап, өз құзыреті шегінде аталған санаттағы отбасыларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың мүддесiн есепке ала отырып, отбасыларының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жасауға көмек көрсетуде.