ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА

0

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесімен 2024 жылғы желтоқсан айы жоспарының талаптарына сәйкес «Жаңа жыл» мейрамына орай, 2024 жылғы 31 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі патрульдік-бекеттік қызметінің жеке құрамы Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Гвардейск әскери қалашығында, әскери қызметшілер жиі шоғырланған жерлерде, көңіл көтеру орындарына жақын аймақтарда күшейтілген түрде қызмет атқару, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, әскери қалашық тұрғындарымен қоғамдық тәртіпке қатысты «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларын жеткізу» туралы профилактикалық әңгіме сұхбаттар өткізілді. Осы іс-шаралар өткізу барысында, әскери қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық жасаған немесе масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзған әскери қызметшілер анықталған жоқ.

Н.НУСУПОВ, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, подполковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.