Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен оқу-жаттығуы барысында Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» полигонында Қазақстан Қарулы күштері әскери полициясының біріккен жасағы құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті.
Әскери полиция өкілдері әскери қызметшілерге қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сұхбаттар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда ұрлық, заңсыз сатып алулар, беру, сату, сақтау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды тасымалдау немесе алып жүру, психотроптық заттар мен есірткі құралдарын қолдану, әскери қызметшілер арасындағы өзара қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетінше қалдыру, ішкі қызметті атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу, әскери қызмет өткеруден жалтару немесе бас тарту, әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу бойынша түсінік беріліп, ескертулер жасалды.
Сонымен қатар әскерде қылмыстық құқық бұзушылық бойынша орын алған оқиғаларды мысалға келтіре отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын әскери қызметшілерге жеткізді.
— Тәртіп бар жерде қызметтер сәтті өтіп, мақсатқа қол жеткізіледі. Біз, оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сұхбаттасу мен түсіндіру жұмыстарын күнделікті өткізіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын .жеткіздік. Бұл біздің жұмысымыз, — деді Қазақстан Қарулы күштері әскери полиция жасағының офицер-анықтаушысы әділет аға лейтенанты Нұрәлі Наркозиев.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі