«Құдайдың сауыт-сайманы 4» фильмінің түсірілімі Қазақстанның батысында басталды — картинаға Джеки Чан қатысады
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, киножобаның алғашқы кадрлары өңірдің бірегей табиғи ландшафттарында түсірілген.
Негізгі түсірілім орындарының бірі — өзінің «Марс ғаламшарына ұқсас» көріністерімен танымал Бозжыра шатқалы.
Бұған дейін Джеки Чан Алматыда байқалған болатын. Кейін актер бұл сапарында фильм түсіруге арналған орындарды қарап шыққанын айтқан.
«Құдайдың сауыт-сайманы: Ультиматум» фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады.
Sputnik Қазақстан арнасының хабарлауынша.