ҚҰРҒАҚ ШӨПТЕР МЕН ҚОҚЫСТЫ ЖАҒУ ҚАУІПТІ

0

Жыл сайын жаз мезгілінде Қордай ауданы ТЖ бөлімі Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ шөп пен қоқыстан өрттің тұтану салдарын жояды. Құрғақ өсімдіктер мен қоқыстардың жануының негізгі себебі — азаматтардың отпен жұмыс істеудегі абайсыздығы, адамдардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеуі.

Көбінесе шөп өрттерінің себебі демалыс орындарындағы сөндірілмеген от, сөндірілмеген темекі тұқылы, көгалдарға лақтырылған, қоқыс пен қалдықтарды жағу, балалардың сіріңкемен ойнауы.   Кішкентай ұшқын нағыз өртке айналуы үшін бір ғана желдің екпіні жеткілікті. Жаз мезгілінде аптап ыстық пен желде от тез таралады, жану аумағы ұлғаяды, сол арқылы қатерлі сипат алды.

Сондықтан:

-бірінші кезекте өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау, бұталардың, ағаштардың, ағаш жанында құрғақ шөптерді өртемеу, қоқысты бақылаусыз өртемеу және от жағу, балалардың сіріңкемен ойнауынң алдын алу, оларға шөпті жағуға жол бермеу қажет.

— оттың бір құрылыстан екіншісіне ауысуын болдырмау үшін шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумағын қоқыстан және құрғақ шөптен тазартыңыз, жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылдарын тастамаңыз, демалыс орындарында күн шуақты ауа райында күн сәулесін шоғырландыратын және құрғақ өсімдіктерді тұтататын өздігінен жанатын материал мен шыны ыдысты қалдырмаңыз.

— ал өртті байқаған кезде оны сөндіру бойынша шаралар қолданыңыз, мүмкін болмаған жағдайда өртті өз күшіңізбен сөндіруге кірісіңіз, қауіпсіз жерге кетіңіз және ол туралы өрт күзеті мен полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметіне «112» немесе «101»телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.

 

Б.Әпілбек,  Қордай ауданы  ТЖБ инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.