Қарақоныз орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі өрт қаупінің IV-класы басталғанын хабарлайды. Осыған байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ аудан қонақтарына ерекше сақтық пен қырағылық танытуды ұсынамыз.
Есіңізде болсын: өртті сөндіргенше, алдын алған оңай!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:
Далалық және орманды алқаптарда от жақпаңыздар;
Сіріңке, темекі, отты құралдармен абай болыңыздар;
Өшпеген темекі тұқылдарын тастамаңыздар;
Орман жолақтарына жақын жерде қоқыс жағуға тыйым салынады — әсіресе желді күні бұл аса қауіпті!
Табиғатты бірге қорғайық!
Әр азаматтың жауапкершілігі — ортақ байлығымыздың амандығы.
Қарақоныз орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі