2025 жылғы 5 қазан күні Қордай жерінде халқымыздың біртуар перзенті, аса көрнекті ақын, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың құрметіне арналған «Туған жер» атты І аудандық әншілер байқауы өтеді.
Аталған өнер бәйгесіне Қордай ауданының барлық ауылдық округтері мен елді мекендерінен талантты өнерпаздардың қатысуы құпталады. Бұл — өз дарындарыңызды танытып, Кенен атамыздың рухани мұрасын насихаттайтын үлкен мүмкіндік!
ӨТІНІМДЕР 2025 ЖЫЛҒЫ 15 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ.
Өтінімдерді жолдау тәсілдері:
- Электронды пошта арқылы:
* kmdeniyety@mail.ru
* 0404dsa@mail.ru
- Немесе қағаз нұсқада төмендегі мекенжайға:
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы, К.Әзірбаев көшесі, №24
Кенен ауылдық мәдениет үйі, меңгеруші:
Кененова Жазира Орынқұлқызы