2025 жыл 5 қазан күні Кенен ауылында Қордай ауданы әкімдігінің қолдауымен Кенен ауылының әкімі, Кенен мәдениет үйі, Кенен ұрпақтарының ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаев атындағы “Туған жер” І-ші Қордай аудандық әншілер байқауы өтеді. Осыған байланысты аудан аумағындағы әрбір ауылдық округтен, елді-мекендерден үміткерлер қатысуын сұраймыз. Өтінімдер 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
КОНКУРС ЖҮЛДЕЛЕРІ:
Бас жүлде және лауреат атағы — 1 (350 000 теңге);
І орын және лауреат атағы — 2 (275 000 теңгеден);
ІІ орын және лауреат атағы — 2 (175 000 теңгеден);
ІІІ орын және лауреат атағы — 2 (125 000 теңгеден);
Арнайы жүлделер мен алғыс хаттар.
ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:
- Конкурсқа 15 пен 35 жас аралығындағы өнер саласындағы кәсіби орындаушылармен қатар жас талант иелері қатыса алады. Кез келген эстрадалық бағыттағы, домбырамен немесе басқа да аспаптармен ән салуға болады.
- Қордай ауданының кәсіби орындаушылары мен жас талант иелері ғана қатыса алады.
- Бас жүлде тек домбырамен ән айтқан үміткерге беріледі.
- Аталмыш конкурсқа К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының «Бас жүлдегерлері» мен «І орын» иегерлері қатыстырылмайды.
- К.Әзірбаевтың шәкірттері Шолпанқұл Сейітов, Асылқұл Бүрібаев әндерін орындаған үміткерлерге 2 балл қосылады.
- Айтатын әнінің тарихын қозғап, маңызын сөз етіп, ол әннің дүниеге келген кезеңдегі әлеуметтік өзгерістерді мазмұнды айта білген үміткерге 2 балл қосылады.
І кезеңде үміткер К.Әзірбаевтың кез-келген екі әнін орындай алады, тек төрт ән Көкшолақ, Ой Жайлау, Қайран жастық, Бозторғай ІІ кезеңде орындалады
ІІ КЕЗЕҢДЕ ҮМІТКЕР ЕКІ ӘН ОРЫНДАЙДЫ:
1) Өз қалауы бойынша халық әнін, шәкірттері Шолпанқұл Сейітов, Асылқұл Бүрібаев әндерін немесе халық композиторларының бір әнін орындайды.
2) К.Әзірбаевтың әндерінің бірін орындайды.
- «Көкшолақ»;
- «Ой жайлау»;
- «Қайран жастық»;
- «Бозторғай»;
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
— Жіберуші жақтың ұсыныс хаты (көшірмесі);
— Үміткердің жеке куәлігі (көшірмесі), байланыс телефоны;
— Үміткердің арнайы банктен анықтамасымен 20 сандық есепшоттық нөмірі;
— Шығармашылық өмір-баяны, ұстазы көрсетілуі керек (Word түрінде);
— JPEG форматтағы кәсіби сапалы көркем фотосуреті (электронды түрде);
— Конкурста орындалатын әндерінің тізімі;
— І кезеңде орындалатын 2 әннің MP4 үлгідегі бейнебаспасы (іріктеу үшін).
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:
— Орындаушылық ше-берлігіне;
— Әннің әуенін бұзбай орындауына;
— Ән мәтінін дұрыс орындауына;
— Дауыс мәнері мен кеңдігіне (диапазонына);
— Сахна мәдениеті мен киім үлгісіне көңіл бөлінеді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
- Конкурстың өтетін жері Кенен ауылындағы Кенен мәдениет үйі;
- Қосымша ақпараттар: kenen_madeniet_uyi instagram әлеуметтік желісіне салынады;
- Конкурстың уақыты: 5 қазан, сағат 10.00-16.00 аралығы;
- Конкурстың салтанатты ашылу рәсімі 9.00-9.30 уақыт аралығында;
- Марапаттау рәсімі: 5 қазан, сағат 16.30;
- «Кененнің дарабоздары» атты гала-концерт – 5 қазан, сағат 17.00;
- Үміткер назарына! Кенен Әзірбаевтың әндерін, ноталары мен өлең мәтіндерін azirbayev.kz сайтынан жүктеп алуға болады.