«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 1-31 қазан аралығында өтінім беру онлайн форматында Электрондық еңбек биржасы «Enbek.kz» порталы арқылы тек жұмыс берушінің жеке кабинетінде 2025 жылға субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатыны туралы хабардар етеміз.
Жұмыс берушілер кәсіпорындарында субсидияланатын жұмыс орындарын құра алады сондай-ақ, Мансап орталықтарында тіркелген жұмыссыз азаматтарды қабылдай алады. Жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың жалақысын мемлекет толық немесе ішінара төлейді.
Жұмыс берушілерге қойылатын талаптар:
Қызметін 1 жылдан астам жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған жұмыс беруші;
Салықтар мен басқа төлемдер бойынша қарыздың болмауы.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында делдалдармен интернет желісіндегі алаяқтықтарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Нақты қосымша ақпаратты жергілікті мансап орталықтарына барып білуге болады.
Өтінімдер 1 қазаннан – 31 қазан аралығында қабылданады.
Туындаған сұрақтар бойынша 4-84-96 телефон номері арқылы хабарласуға болады.