ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ! СІЗДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ — КӘСІПТІК МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне арнап мереке күнін белгілеудің маңызы зор деп ойлаймын. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, балалфы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі.
Сіздердің барлық күш-жігерлеріңіз ең алдымен, халықтың мұң-мұқтажына толық жауап беретін және қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталады. Бұл орайда Сіздер барынша аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін қызмет етіп келесіздер!
Осындай мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, қиын да қастерлі қызметтеріңізге мол табыс тілеймін!
Құрметпен, әлеуметтік сала ардагері, Қордай ауданының Құрметті азаматы Б.ҚАРАМОЛДАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.