ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! СУ АЙДЫНЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕК ҚАНА СІЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ!

0

Жаз мезгілінде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзған жағдайда орын алатын салдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл балалармен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдарының бірі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабының 1 және 2 бөліктеріне сай ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық – жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.
-балалардың ересектердің қадағалауынсыз шомылуына;
-бейтаныс жерлерде шомылуға;
-үрлемелі матрас, камера және басқа жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз) шомылуға қатаң тыйым салынады.
Естеріңізде болсын!
Суда қауіпсіз мінез-құлық шараларын қатаң сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.