Құрметті азаматтар!!!

0

Егер әскери қызметшілер тарапынан сіздің құқықтарыңыздың бұзылуына жол берілген жағдайда, әскери қылмыстық қудалау органдарына жүгіне аласыз.
Әскери қылмыстық қудалау органының лауазымды қызметкері белгіленген тәртіппен өтінішіңізді қабылдауға, тіркеу нөмірі, сауалнама деректері көрсетілген және өтінішті қабылдаған адамның қолы қойылған хабарлама- талонын тіркеуге және беруге, өтінішті қабылдаған күні мен уақытын көрсетуге міндетті .
Хабарлама-талонын алған кезде сізге де қол қою керек және оны алған күні мен уақытты көрсетуге қажет.
Хабарлама- талонының көмегімен сіз өзіңіздің берген өтінішіңіздің орындалу жағдайын, одан әрі қарай http.qamqor.gov.kz. 8 800-080 7777 немесе 1414 телефоны бойынша (ұялы телефоннан) бақылай аласыз.
Егер әскери қылмыстық қудалау органының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартса немесе қабылдағаннан кейін талондық-хабарламаны бермесе, сіз дереу бұл туралы (87172) 32-42-96 телефон нөміріне Қазақстан Республикасы Бас Прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Әскери басқармасына немесе (872636) 7-20-11 нөміріне Әскери прокуратураның ғимаратында орналасқан Әскери басқарманың аумақтық өкіліне хабарлауыңыз қажет.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Әскери басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.