Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіне статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу кіретінін түсіндіреді.
Алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін респондент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Сіздерден Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды және мемлекеттік статистикалық есептілікті белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз.
Алғашқы статистикалық деректерді онлайн режимде электрондық түрде өткізу үшін ЭЦП кілті болу керек.
Статистика формаларды толтыру бойынша видео-нұсқаулық Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының www сайтында stat.gov.kz «респонденттер үшін» бөлімінде орналастырылған.