Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, 2024 жыл құрғақ жыл болады деп күтілуде. Осыған байланысты ауданның «ҚазСушар» РМК ЖФ «Қордай» ӨУ барлық су пайдаланушыларға хабардар етеді, 2024 жылдың суармалы маусым кезеңіне «ҚазСушар» РМК ЖФ балансында тұрған каналдары мен су қоймаларынан, сорғылар мен басқа да құрылғылар көмегімен су алып суаруға қатаң тыйым салынады, сонымен қатар оларды пайдаланғандар (бұзушылар) Әкімшілік кодекске сай жазаланатын болады.
Ғ.Оспанов,
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы
бөлімі басшысының м.а.