Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және елді мекендерге сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының 7-тармағына сәйкес елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымымен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру шартын жасауға міндетті.
Осыған байланысты, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қордай-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Қордай-су» КМК) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсету үшін 2025 жылғы 15 сәуірге дейін жаңартылған Шартты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе)су бұру қызметтерін көрсетуге шарт) жасасу қажет.
Шарт болмаған жағдайда, Қызмет көрсетуші тұтынушыны кемінде күнтізбелік үш күн бұрын хабардар ете отырып, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуді жартылай немесе толығымен тоқтатады.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қордай ауылы, Әл-Фараби көшесі, 293.
Байланыс телефондары: 872636 2-15-16.