ҚҰРЫЛЫС ПЕН ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ

0

«AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы және тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы 19 тамызда өтті. Партияның аудандық филиалының мәжіліс залында болған жиында 2 сұрақ талқыға түсті.

Бірінші мәселе — үй құрылысын жүргізуге арналған алқаптардың игерілуі туралы болып, ол жайында фракция мүшелері алдында Қордай ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Елдос Мендекеев баяндама жасады.

Баяндамада мәлім болғандай, Қордай ауылы «Батыс» ықшам ауданына 5 қабатты 60 пәтерлі №3, 4 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2021 жылдан өтпелі болып келген. Арада белгілі себептерге байланысты мердігер ауысып, қазіргі таңда жаңа мердігер «Эстимат» ЖШС-мен нысанды аяқтауға келісім шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталуы 2025 жылдың соңы деп жоспарлануда екен.

Сонымен қатар, 2025 жылға 120 пәтер сатып алыну жоспарлануда. Бүгінгі күнге республикалық бюджет есебінен 20 пәтердің құрылысы аяқталып, сатып алынған. Қалған 94 пәтердің құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері анықталуда.

Жиынның күн тәртібіндегі екінші сұрақ — аудандағы жол саласының жалпы атқарылған жұмыстар туралы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ануар Абсейтов есеп берді.

«Ауданда жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 1344 шақырымды құрайды. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 4 жоба дайын. Атап айтқанда, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Арал ауылына кіреберіс және Қаракемер-Керу жолын жасау.

Аталған жобалар бойынша бүгінгі күнге Қүнбатыс-1, Қүнбатыс-2 және Арал ауылдарында мердігер ұйым ретінде «Ақ жол сервис» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта Арал ауылында құрылыс жұмыстары басталып, жолдың негіздемесі төселді. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде», — деді баяндамашы. Сонымен қатар бөлім басшысы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық көше желісінің жолдарын орташа жөндеуге қаржы қарастырылып, ауыл ішілік көше жолдары жөндеу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстары 2025 жылға 2024 жылдан өтпелі болған Қордай, Сарыбұлақ, Сортөбе және Степной ауылдарында жалғасын тапқан.

«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Отар–Сұлутөр–Көктөбе»16 шқ жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырыс беруші ретінде айқындалды. Аталған жөндеу жұмыстарының мердігері ретінде «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны белгіленді.

Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Келісімшарт 2025 жылға өтпелі болғандықтан, 2024 жылы 12,7 шақырым жол жөндеуден өткізілді. Қалған 3,3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталуы жоспарлануда», — деді А.Абсейтов.

Осылармен қатар баяндамашы жол қауіпсіздігі бойынша атқарпылған жұмыстарды жіпке тізді.

Осыдан кейін депутаттар баяндамашыларға толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олар бойынша нақты жауаптарын алды. Жұмысты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар да берілді.

Жиын қортындысы бойынша шешім жобалары қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.