ҚҰЖАТТТТАР ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Қордай ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерімен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025–2026 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжат қабылдау мәселелері түсіндірілді.

Іс-шараға Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов қатысты.

Кездесу барысында Малик Асанов академияның білім беру бағыттары, оқуға түсу талаптары, іріктеу кезеңдері мен мемлекеттік қызметшілерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап берді. Сонымен қатар, академияның кәсіби даму мен басқарушылық құзыреттерді арттыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Кездесу талқылау және пікір алмасу форматында өтті. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызығшылық танытылып, ұсыныстар мен сұрақтар белсенді түрде қойылды.

Кездесу соңында Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл Академия өкіліне алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамуға белсенді қатысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.