«Қақпатас» ЖШС еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілу ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты талқыланды.

0

Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» ЖШС еңбек ұжымымен ауыл әкімі Ғ. Сейдуалының қатысуымен кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілу ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында ауыл әкімі конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Жиын аясында кәсіпорын қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, толғандырған сауалдарын жолдады.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.