ҚАҢТАР-ҚАРАША АЙЛАРЫ АРАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ

0

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық кеңес туралы Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген қоғамдық кеңестің Ережесі негізінде өз қызметі мен өкілеттігін іске асыруда.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарға сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту мекемелерінің атқарылған жұмыстары тыңдалды. Зерделеу барысында жіберілген кемшіліктер бойынша нақты шешім қабылданды. Облыстық басқармаға оқырмандар саны, келім саны, кітап берілім саны бойынша жоспарды қайта қарауға ұсыныс беру тапсырылды. Кітапханашыларға өз міндеттерін және  кітап қорын сақтау Заң талаптарына сәйкес жүргізуді қадағалау ұсынылып, 2023 жылғы 30 наурызындағы аудандық Қоғамдық кеңестің шешімінің негізінде тілдерді дамыту мекемелерінің мамандары жіберілген кемшіліктері үшін  тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Қордай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі КММ-нің  анықтамасы бойынша Сортөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Ломаға ескерту берілді, кітапханалар жүйесінің директоры  Г.Сексенбаева жұмыстан босатылды.

Сонымен қатар, аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа қызмет көрсету жұмыстарына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру бойынша төмендегідей іс-шаралар қабылдау ұсынылды: халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру  бойынша іс-шаралар қабылдау, БАҚ, интернет желілері арқылы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру, кадрлар тапшылығы бойынша мәселені шешу бойынша іс-шаралар қабылдау тапсырылды. 2023 жылғы 30 наурызындағы аудандық Қоғамдық кеңестің шешімінің негізінде жіберілген кемшіліктері үшін Ауқатты ауылдық амбулаториясының аға дәрігері С.Айдыровқа, Масаншы ауылдық амбулаториясының аға дәрігері Н.Тоқтыбаеваға әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Арнаулы білім беру мекемелерінің мемлекеттік бағдарламаларды орындау сапасын ішінара зерделеуде №7 Бетқайнар колледжінің атқарылған жұмыстары қаралды. «№7 Бетқайнар колледжі» өңірдегі сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру орындарының бірі, оның мақсаты — еңбек нарығында, кәсіби қызметке, мансаптық өсуге және тұрақты сапалы өмірге дайын мамандарды даярлау. Білім алуға ынталы жастарға бұл жерде барлық жағдай жасалған. Мәселен, комбайн және трактор тренажері кабинетінде студенттер виртуалды түрде техниканың тізгінінде отырып, жер жыртып, астық жинап, егін шаруашылығының қыр-сырын үйренеді. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тиісті іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Бүгінгі күні колледж басшылығымен (Г.Алимбаева) бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. № 7 Бетқайнар колледжінде «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша бизнес инкубатор ашуға жағдайлар жасалынып жатыр, белгіленген ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: жылыту жүйесі, электр жүйесі, төбесі мен қабырғасы,еденге  т.б жұмыстар жүргізілді. Бизнес — инкубатор колледж түлектерін жұмыспен қамтуға мүмкіншілік береді, жоспар бойынша 40-50 адам жұмысқа қабылданады деп жоспарлануда. Жатақханаға да жөндеу жұмыстары жүогізілді, студенттер үшін талапқа сай барлық жағдайлар жасалынды, барлық бөлмелер жаңа жихаздармен жабдықталды.

Қордай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Көпешовке колледж түлектерін жұмыспен қамту бағдарламаларына сәйкес орналастыру үшін іс-шаралар қабылдау жүктелді.

Арнаулы білім беру мекемелерінің мемлекеттік бағдарламаларды орындау сапасын зерделеуде Қордай  ауылшаруашылық колледжінің де жұмыстары қаралды.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің директорына   колледжге тиеселі жер телімдерін қайтару мәселесін шешу ұсынылды. Сонымен қатар, колледждің оқу корпусы мен жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық білім басқармасына ұсыныстар енгізу, Қордай ауданында ашылатын цемент өндіретін зауыт құрылысына қажетті мамандықтар бойынша білімгерлерді оқытуды жоспарлау ұсынылды. Нәтижесінде колледж директоры Д.Кенжебековтің хабарламасына сәйкес коллежде өндіріске қажетті мамандар «дәнекерлеуші, электрик) даярлануда, облыстық білім басқармасынан қаржы бөлініп, колледждің жөндеу жұмыстары, жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылауды аудандық кәсіпкерлер бөлімімен бірге аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері жүйелі түрде жүргізуде. Ауыл округтерінің әкімдеріне сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсу фактыларының орын алуына байланысты тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу түрақты түрде ұсынылды.

Қоғамдық кеңестің келесі отырысында аудандағы жастар ұйымдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстары қаралды. Зерделеу нәтижесінде кемшіліктер анықталып, орталықтың жастармен жұмысы әлі де жеткіліксіз екендігі атап көрсетілді.

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Р.Бедельбаевқа жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша ауыл округі әкімдері, кәсіптік білім беретін арнаулы оқу орындары мен Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталық филиалымен және аудан мектептерімен жастар мәселелерімен байланысты жұмыстарды жандандыру ұсынылды. Жастар жобалары мен бағдарламалары қолдау барысында нақты жұмыстар жүргізу, жастардың мәселелері және көрсетілген қызметтердің оң немесе теріс нәтижелеріне ауыл округтері арасында тоқсан сайын мониторинг жүргізу, орталық мамандарының функционалдық міндеттерімен айналысуын қадағалау, штаттық кестеге сәйкес мамандар қабылдау мәселесін шешу және орталықтың материалдық – техникалық базасын жасақтау ұсынылды. Сонымен қатар, ауыл округтеріндегі жастар ісі жөніндегі мамандардың өз функционалдық міндеттерін толық орындауын және аудандық жоспардың толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Зерделеу қорытындысы аудан әкімі Б.Болатбековке ұсынылып, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Р.Беделбаевқа ескертілді.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ауданның әлеуметтік және сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үстіміздегі жылдың атқарылған жұмыстары қаралды. Жұмыс барысында сауда объектілерінде  алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметті шақырту үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және автоматтандырылған өрт сигнализациясымен, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жүйелерінің жұмысымен қамтамасыз ету ұсынылып, аудандағы төтенше жағдайлардың және олар бойынша дереу ескерту жұмыстары және ауданда өрт оқиғаларын болдырмау мақсатында үгіт – насихат және алдын алу бойынша жұмыстарды жандандырып, атқарылған істер бойынша газет бетінде мақалаларды жариялау ұсынылды.

Қарасу-Масаншы-Сортөбе, Қордай-Қайнар аралығындағы жол бойындағы минералды жолақтарды (ағаштарды) күтіп-баптау жұмыстары туралы «Қазавтожол» ҰҚ, «АҚ Жамбыл облыстық филиалына хат жолданды.

Ауыл округ әкімдеріне (Қордай а/о әкімі Ә.Қаспақбаев, Сортобе а/о Р.Фушанло, Масаншы а/о Х.Буларов , Бетқайнар а/о Б.Құттықов) ауыл округтеріндегі сауда объектілерінде және орман шаруашылығы мекемелерінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын үнемі бақылауда ұстау ұсынылды және «Қарақоңыз» орман шаруашылығының басшысы Ж.Оңғарға, Қордай    ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшысы  Н.Тәжиевке  өрт сөндіру құралдарымен, арнайы киімдермен жабдықтау, арнайы өрт сөндіруші көлік, автокөлікпен қамтамасыз ету, өрт сөндіруші жасақшылардың  жалақыларын  көбейту іс-шараларын қабылдау ұсынылған.

Орман шаруашылығы мекемелері 2024 жылға бюджетке өтінім берілгендігі туралы хабарлады, ал олардың жалақылары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысы негізінде, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 70 пайызға өскендігі белгілі.

Сұлутөр, Сарыбұлақ ауылдық округтердегі 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексіне сәйкес жүргізілуін бақылауға алуды,  жолданымдарға жауап беру өтініш иесіне жауапқа қанағатанбаған жағдайда әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта жолданым беруге құқықтары міндетті түрде жазылуын қадағалау,  жолданымдарды тиісті ақпараттық жүйелерге («Е-Өтініш») уақытылы тіркелуін және аталған жүйе арқылы оған жауап берілуін бақылау, және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру» туралы №974 қаулысына сәйкес  ауыл әкімі және оның орынбасары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды өз деңгейінде апта сайын жүргізу тапсырылды.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында аудандағы Республикалық, облыстық, аудандық жолдардың жөндеу жұмыстарының сапасын зерделеу, ұстап-баптау ережесінің орындалуын бақылау, жергілікті полиция жұмысын зерделеудің нәтижесі қаралды. Бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданып, көптеген ұсыныстар берілді.  Атап айтқанда,  Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры (А.Туғанова), №34 жол пайдалану бөлімшесінің басшысы (Е.Рақымғали) Республикалық маңызы бар жолдар бойынша Қордай ауылындағы Жібек Жолы көшесінің жол белгілерін заманауи термопластикпен таңбалау, жол белгілерінің оңып кеткеніне байланысты (панно,көрсеткіштер) ауыстыру, Қордай, Алға, Степной, Жамбыл, Сарыбұлақ, Масанчи, Қарасу, Өтеген, Сортөбе ауылдарындағы мектепке өтетін барлық жолдарға жол белгілерін орнату, (жолақтарды жаңалау, сызу, бояу), жол бойындағы күл-қоқыстарды және демалыс алаңдарын тазалау  ұсынылды.

Осы мәселенің аясында аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына Республикалық маңызы бар жолдар бойынша және Қордай ауылындағы Жібек Жолы көшелеріндегі жол белгілері, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерінің тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрініп тұруын қадағалау ұсынылды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына Ноғайбай, Каракемер, Қарасай ауылдарындағы жол жөндеу  жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға  алу  және Қордай (Ә.Қаспақбаев),  Жамбыл (А.Бірімқұлов)  Қақпатас (А.Сапарбай), Бетқайнар (Б.Құттықов), Қасық (А.Тұрғаналы), Қарасу (Р.Жасыбаева) ауыл әкімдеріне  тапсырыс беруші ретінде атқарылып жатқан жол жұмыстарының сапасын, техникалық бақылаушымен бірге қатаң бақылау тапсырылды.

Қордай аудандық полиция бөлімінің берген ұйғарымдарын уақтылы орындау ұсынылды және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөліміне басшысына жол көлік оқиғасын алдын алу және болдырмауға аудан аумағынан, өтетін автожолдарда жол қауіпсіздік шараларын іске асыруға байланысты  Алға, Әлжан ана, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ ауылдарына бейне-бақылау камераларын орнату және  жол белгілерімен толық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Сондай-ақ, Қордай АПБ бастығы Ә. Қарымсақовқа жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты тұрақтандыру және елді-мекендердің көше-жол желілерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жұмыстарды ары қарай жандандыру және облыстық ішкі істер басқармасына учаскелік полиция қызметкерлерінің санын ҚР заңнамаларына сәйкес көбейту туралы сұраныс жасау туралы ұсыныс берілді.

Аудандық қоғамдық кеңестің 2-ші жартыжылдығының жоспарына сәйкес «Балауса» сауықтыру лагерінің жұмыстары зерделеніп, нәтижесінде жатын бөлмелердегі төсектер, төсек орын-жабдықтардың заманауи стандарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Қорыта айта келе, жатын бөлмелер, асхана, бассейн, монша, әкімшілік ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарын және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуды талап ететіндігі шешімде атап көрсетілді.

Аудандық кеңестің қазан айындағы отырысында мәдениет және тілдерді дамыту мекемелерінің жұмыстары қаралып, нақты шешім қабылданды. Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына мәдениет саласына қарасты мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, оларды жылумен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылды және функционалдық міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін мамандардың тәртіптік жауапкершілігін қарау, атқарылып жатқан жұмыстарды әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook), БАҚ жариялауды жандандыру тапсырылды.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, кеңес мүшелері ауданда өткізіліп отырған жиындар мен жиналыстарға, аудандық жұмыс комиссиялары мен топтарының іс әрекеттеріне тұрақты түрде қатысуда.

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен жалпы кеңейтілген отырыстарда және халықпен кездесу барысында үгіт-насихат тобымен бірге мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау бойынша 22 құжат тапсырылып, ұсынымдар берілді.  2023 жылдың жоспарына сәйкес барлығы 8 отырыс өткізіліп,

26 мәселе қаралып, шешімдер шығарылып, ұсынымдар берілді, жобаларды қарау кезінде заңнамалық мерзімдер сақталды.

Аудандық қоғамдық кеңес атқарылған жұмыстары туралы аудандық қоғамдық-саяси «Қордай шамшырағы» — «Кордайский маяк» газетіне 10 мақала жарияланды.

Жеке тұлғалардан келіп түскен арыз–шағымдар тиісті мекемелерге жіберіліп, олардың өтініштері қанағаттандырылды.

Б.ҚАРАМОЛДАЕВА, Қордай аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.