#МирИСогласие
#ЗаМир
#МыВместе
#PeaceAndHarmony
#PeaceForAll
#TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years
🔴Елімізде 100-ден жуық этнос өкілдері достықтың буынын бекітіп, татулықты ту етіп ұстауда. Елімізде тұрып жатқан әр этнос өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, өз үлестерін қосуда. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің барлығы этносаралық татулық пен келісімнің арқасында аталған жетістіктерге жетуде. Бір ту астында бір атаның баласында тату-тәтті ғұмыр кешкен қазақстандықтар да тура жолмен жарқын болашаққа қадам басуда. Тәуелсіздігін жаңа алып, тәй-тәй басқан жас мемлекет үшін бұл – үлкен жетістік.
🖍️ Азиз Байрамов, «Навроз» этномәдени орталығының төрағасы,
Кеңес мүшесі