ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

0

«Мейірім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қаламқас Күпесбайдың демеушілігімен, Қордай ауданы пробация бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлесіп, ауданда пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасыларына сыйлық пен азық-түлік себетін табыс етті.

Бұл азаматтар пробация қызметінің есебінде тұрғанымен, қоғамнан оқшауланбаған. Десек те, олардың көбінде өзінің күн көрісіне жететін табыс табу мүмкіндігі аз. Зұлымдықты жеңетін жалғыз күш бар. Ол – ізгілік. Бұл қайырымдылық шарасы да түрлі себептермен тағдыр тәлкегіне түсіп, шалыс басқан азаматтарды қайталап қылмыс жасамауға, рухани құндылықтар мен адал еңбектің мәнін тереңірек түсіне түсулеріне әсер етері сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.