Қайырымдылық күніне орай ауданы-мыздың барлық ауылдық округтерінде әлеуметтік тұрғыдан осал саналатын тәуекел топтағы отбасыларға қайы-рымдылық көмек көрсетілді.
Іс-шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық мәдениетін қалыптастыру.
Қайырымдылық шарасына аудандық әкімдік, жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және белсенді жастар атсалысты. Отбасыларға азық-түлік себеттері табыс етілді.
Мәселен, «Ассамблея жастары» РҚБ жетекшісі Исмаил Шимеев «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып, әлеуметтік осал отбасыларды аралап, оларға қолдау көрсетті.
Акция аясында көпбалалы отбасыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа да мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері табысталды. Бұл көмек тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесінің негізгі құндылықтары – өзара көмек пен ынтымақтың көрінісі болды.