Жуырда Алматы қаласында «Әлем халықтары Жазушылары одағының», Қырғыз Республикасының «Рух бейне» Халықаралық шығар-машылық академиясының» және орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Достық үйі» атты дөңгелек үстел өтіп, оған Қордай ауданынан «Әлем халықтары жазушылары Одағының» мүшелері Берік Семетаев пен Дәмегүл Бақытжанова арнайы шақыртылған. Екі елдің қаламы қарымды ақын-жазушыларының басын қосқан келелі кездесуде екі елдің жазушылар одағы шығармашылық қарым-қатынаста болуға келісім ретінде меморамдумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – діні бір мұсылман елдерінің бауырластығы мен достастығын, рухани жақындастығын арттыру. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында көрші мемлекеттердің достастығын жалғап, өзара шығармашылық, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін ақын-жазушылар дипломдар мен мадақ грамоталарымен марапатталды.