Өмірбаян
РАХЫМЖАН ШЕРИЗАТ САПАРБАЙҰЛЫ 1995 жылы 26 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
2018 жылы Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы №18 Сортөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2018-2019 жж. – №18 Сортөбе орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
2019-2020 жж. – Қордай ауылындағы №51 орта мектептің ІТ маманы;
2020-2024 жж. – №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысының орынбасары;
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы.
Үйленген.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Егер мен Қаракемер ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына ат салысатын боламын:
Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарымен қарым-қатынас біздің ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, жарықтандырылмаған көшелер, суармалы су, стихиялық күл қоқыс сияқты мәселелерді шешуге, сонымен қатар;
Ауылда қалыптасқан тұрақты саяси-қоғамдық ахуалды сақтау;
Қаркемер ауылдық округіне инвестиция тарту, ауылды көркейтуге ықпал ету;
Ауыл көлемінде ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасау;
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне арналған іс-шараларды арттыру;
Халық сенімі мен аманаты мен үшін аса жауапкершілік, үлкен абырой. Сол сенімнен шығу мақсатында еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жоғары белестерге көтеру азаматтық борышым деп
есептеймін.
Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауыңызбен ғана жасай аламын!