ҚАРАКЕМЕРДЕ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ БАР

0

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпарат алаңында, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Рашид Алыбаев ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайында есеп берді.

Спикердің мәліметінше, бүгінде аталмыш округте – 4083 халық тұрады. Сонымен қатар, 1 пошта, 1 АТС, 13 дүкен, 3 дәмхана, 1 мал сою орны, 6 мал бордақылау алаңы бар, 1 мектеп, 2 балалар бақшасы, ветеринариялық пункт, спорттық кешен, кірпіш зауыты бар. Айта кетерлігі, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық заманауи білім ошағы салынып, аяқталуға жақын, ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Ағымдағы жылы аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бастамасымен округке газ құбыры тартылып, 583 үйге көгілдір отын кіргізілген.

Ауыл экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан ауыл әкімдігі аграрлық сектордың дамуына көп көңіл бөліп отырады. Қазіргі таңда, 200 ден аса жеке кәсіпкер – мал саласы бойынша, 13 азық-түлік дүкендері, 1 мал сою цехы, 1 кірпіш шығаратын зауыты, мал қалдықтарын өңдеу цехы және жеңіл көліктерді жөндеу өңдеу цехы өз жұмыстарын қарқынды жүргізуде. 35 шаруа қожалығы егін шаруашылығында еңбек етуде. Шаруа қожалықтардың меншігінде 31 133 га жерлері бар, олардың 3967 га егістік жерлері, суармалы жерлер 108 га, 26607 га жайылым, 915 га шабындық жер.

Ауыл аманты бағдарламасы аясында 143 ауыл тұрғыны 2,5 пайызбен несие алып, қазіргі таңда өз кәсіптерін жалғастырып ауылдың әл ауқатын көтеруде. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары да жалғасын табуда. Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жыл басынан бері «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 3 кәсіпкер бір айлық курсты аяқтап, олардың біреуі жаңа кәсіп орынын ашуға 1,5 млн. теңге грант иеленген.

Тұрғындардың денсаулығын жақсартып, дер кезінде көмек көрсетіп отыру үшін Қаракемер ауылдық амбулаториясында 11 медициналық қызметкер, 7 техникалық қызметкер жұмыс атқарады.

Дәрігерлік амбулатория ауылдың белсенді азаматы, кәсіпкер Қ.Молдасейітовтың демеушілігімен салынған.

Округте ардагерлер кеңесі мен қоғамдастық ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарының көптеген мәселелерін шешуге әрдайым ат салысып отырады.

Барлық мемлекеттік мекемелердің аулалары, саябақ, ауыл көшелері қоқыстан тазартылып, ауыл маңынан өтетін Қарасай-Қаракемер автожолдарының маңайы жабайы қурайлардан тазартылды, ауыл көшелеріндегі столбтар мен ағаштар әктелді.

Ауыл әкімдігінің атқаратын жұмыстарының бірі – жергілікті халықтан жер, мүлік, көлік, жеке табыс, заңды тұлғалардан түсетін жер және көлік салықтарын жинау 2025 жылдың 7 айында 100 пайызға орындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.