ҚАРАСАЙДАН КЕРУГЕ ДЕЙІН

0

Аудан әкімі Мәден Мұсаев жұмыс сапарымен бірнеше округтерге барып, ондағы мәселелерді көзбен көріп қайтты. Атап айтсақ, Қарасай, Керу және Масаншы ауылдарында болып, кәсіпкерлік нысандарды аралап, құрылыс нысандарының жұмысын бақылады.
Ең алдымен Мәден Тоқтарбайұлы аудан орталығынан шалғай жатқан Қарасай ауылдық округіне барды. Онда аудан басшысы «Колос» каналының жай-күйімен танысты. Бүгінде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан каналдың жайымен «ҚазСуШар» аудандық филиалының басшысы А.Қадыров таныстырып өтті. Осыдан кейін, аудан әкімі Қарасай ауылдық округінен орын тепкен «Алатау Қордай» ЖШС «Қырғау» алтын кен өндірісінің орнына барып, ол бойынша ауылдық округ әкімі К.Елемесова атқарылып жатқан жұмыстарды алға тартты. Ал, осы жылы іргетасы қаланған Қарасайдағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы да аудан басшысының назарынан тыс қалған жоқ. «Әділ-Құрылыс и К» ЖШС қолға алған нысанды аралап көрген Мәден Тоқтарбайұлы мердігер компания өкілдеріне бірқатар ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, М.Мұсаев Қарасай ауылының ауыз су жүйесінің жұмыстарымен де танысты. Онда бірнеше ұсыныстар айтылып, ол басты назарда болатыны жеткізілді. Ал, округке қарасты Еңбек ауылы маңында орналасқан «Азия сад» ЖШС-нің жұмысына барған аудан әкіміне серіктестік директоры Р.Машухей алма бақтың жетістіктерін баяндады. Бүгінде онда қажетті техниканың барлығы жеткілікті. Осы жылы мол өнім алған алма бақ келер жылға да мол өнім жинауды көздеп отырғандарын айтуда. Осыдан кейін, жұмыс сапары Қаракемер ауылдық округіне қарасты Керу ауылында жалғасты. Тұмса табиғатымен танымал ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі негізінен егін және мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өткен жылы бұл ауылдың көшесіне тегіс асфальт жол төселінген. Сондай-ақ, ондағы тұрғындардың тілегі бойынша интернет мәселесі де қолға алынып, қазіргі таңда тұрғындар еш кедергісіз интернет желісін пайдалануда. Елуден астам түтіні бар ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы тұрғындармен де тілдесті. Жоспарлы жұмыстар айтылып, жұртшылықтың да ұсыныстары ескерілді. Керу ауылынан кейін, Мәден Мұсаевтың жұмыс сапары Масаншы ауылында жалғасты. Ауылға кіре беріс жерде орналасқан «GREENWILL» ЖШС-нің жұмысын көзбен көріп, өнімдердің сапасына да мән берді. Аталмыш серіктестік директоры А.Сарсембаев аудан әкіміне нысанның тыныс-тіршілігін толықтай таныстырып өтті. Қызанақ және қияр өнімдеріне аса мән берген серіктестікте жұмыс қызу. Ауыл тұрғындарының жұмыссыздық мәселесінің азаюуына да септігін тигізіп жатқан аталмыш «GREENWILL» өңірді де өнімімен қамтамасыз етіп отыр. Нысанның ішкі жылыту мәселесі туындап жатқанын ескерген Мәден Мұсаев мәселенің тез арада шешілуіне қол ұшын созатындығын жеткізді. Сондай-ақ, аудан басшысы жұмыстың сапасын да тілге тиек етіп, қызметкерлерге сәттілік тілеп қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.