Егер мен Қарасу ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына атсалысатын боламын:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауларын ауыл тұрғындары арасында насихаттай отырып, жолдаудағы көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;
Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті дамыта отырып, жергілікті салықтардан түсетін кіріс көздерін ауылдағы қауымдастық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ақылдаса отырып қажетті шаруаға жұмсау, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін күш жігерімді саламын;
Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін;
Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;
Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге ықпал етемін;
Алдағы уақытта әлуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.
Ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін.
Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейтіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.