ҚАРАСУ – МАСАНШЫ ЖОЛЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0

Аудан тұрғындары үшін жол сапасы – қашанда өзекті мәселе. «Жол қадірін жүрген біледі» демекші, әсіресе, ауыл-аймақтарда жолдың жай-күйі тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары ауыр жүк көліктерінің қозғалысынан тозығы жеткен Қарасу – Масаншы автожолының жағдайы жергілікті халықты қатты алаңдатып келген еді. Енді бұл мәселе шешімін табатын болды – аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Жоба аясында 45,45 шақырым жол жаңартылады. Жөндеу жұмыстары ресайклирлеу әдісімен жүргізіліп, қиыршық тасты-мастикалық асфальт (ЩМА) төселеді. Сондай-ақ, жол негізі нығайтылып, сапасы жақсартылады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тапсырысымен қолға алынған жобаның жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайды. Ал жөндеу жұмыстарын жауапты мердігер «ПК ШымкентДорСтрой» ЖШС жүргізуде. Орташа жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары мен жүргізушілер үшін жол сапасы айтарлықтай жақсарып, көлік қатынасы анағұрлым қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Айта кетейік, жергілікті билік жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.