«№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де әлеуметтік-медициналық бағыт бойынша мейірбикелер тек дәрі-дәрмек беріп, дәрігердің тағайындалымы бойынша инъекцияларды ғана жасап қоймай, аурудың алдын алу жұмыстары жоғарғы деңгейге қойылып, ол бойынша күнделікті тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, ағарту іс-шаралары бойынша жылдық жоспар құрылып, ай сайын лекция, дөңгелек үстел, тренингтер жүргізілуде. Ол жоспарға ЖРВИ, тұмаудың алдын алу жолдары, денсаулықты күту, тазалық ұстау т.с.с. мәселелер көтерілген. Аурудың алдын алу мақсатында Қордай ауданының орталық ауруханасымен бірлесе отырып, әлеуметтік қызмет алушыларға ТҰМАУ-ға қарсы екпе егіліп, онымен қоса күнделікті қызмет алушылардың жатын бөлмелеріне, асханаға, дәліздерге, мамандар кабинетіне, емшара бөлмесіне, әжетханаларда екі мезгіл дезинфекция құралымен ағымдағы тазалау жүргізіліп, әр бөлме күнделікті кварцталады. Сонымен қатар, емшара бөлмесінде аптасына бір рет, орталықта айына 1 рет жалпы тазалау жұмыстары және дезинфекция, дератизация және дезинсекция жұмыстары жоспарға сәйкес келісім-шарт құрылған мекемемен жүргізілуде.
Орталық мейірбикелері қызмет алушыларды күнделікті бақылап, ЖРВИ симптомдарын байқағанда, участкелік дәрігерді шақыртып, керекті тағайындалымдарын алады. Дәрігердің тағайындалымдары бойынша дәрі-дәрмектері қамтамасыз етіліп, уақытылы беріледі.
Иммунитетті жақсарту мақсатында, маусымдық ас мәзіріне көшіп, дәрумендерге толы түрлі тағамдар ас мәзіріне қосылып, аптасына 2-3 рет үзбей жеміс-жидектері беріліп тұрады.
А.Алматаева, орталық директоры