ҚАРТТАРҒА ӘРКЕЗ ЗОР ҚҰРМЕТ

0

Бүгінде қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Қарияларға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Соның бір дәлелі 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» мерекесінің қарсаңында орталық қызметкерлері мен қызмет алушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Қартқа құрмет» атты мерекелік концерті. Іс-шараны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет құттықтау сөздерімен ашып, қарияларға жылы лебіздерін жеткізді. Шарада қызметкерлер мен қызмет алушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең айтып, пародия қойылымын көрсетіп, билер биледі. Іс-шараға 21450 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызмет алушыларды құттықтап, өз өнерлерін аянбай көрсетіп, қызмет алушыларға сыйлықтар таратты. Апаларға гүл шоқтары мен иықтарына ақ орамалдарын жапты.

Сонымен қатар, ауылдық округтің аналар алқасының өкілдері де құттықтау сөздерін айтып, тәттілер жиынтығын тарту етті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, орталық қызмет алушылары атынан мереке қарсаңында келіп, құттықтап, сыйлықтарын тарту еткен мекеме басшыларына  алғысымызды білдіреміз!

А.Алматаева, №7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.