Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14-інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Осы күн қарсаңында аудандық тарихи-өлкетану музейінде келелі кездесу өтті.
№4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің 7 А сынып оқушылары (сынып жетекшісі Әлия Болатова) аудандық әкелер кеңесі төрағасы Дүкенбай Сегізбаев және аналар кеңесінің төрайымы Роза Қағазбаеваның ұйымдастыруымен өткен кездесуге қатысты. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталып ардақты қариялар өз ақыл-ойын ортаға салды. Өз сөзінде Дүкенбай Рысбекұлы жастарға қарияларды сыйлау, құрметтеу жайлы әңгімелесе, Роза Қағазбайқызы өзінің өсиеттерін айтты. Музей жетекшісі қарияларды мерекемен құттықтап, Әлия Орынбекқызы жылы лебізін білдірді. Ал балалар болса мерекелік тақпақтар айтып, қарияларға алғыс сезімін жеткізді.