Қару – қауіп!

0

Қоғам тыныштығы – әр азаматтың бейбіт өмірінің кепілі. Ал сол тыныштық пен тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының №339 Заңының 7-бабына сәйкес, елімізде лақтырылатын снарядты қарулардың, ұрып-соғуға арналған қарулардың, сондай-ақ лақтыру арқылы әсер етуге арнайы бейімделген заттардың айналымына қатаң тыйым салынған.

Сонымен қатар, суық қару мен атыс қаруын заңсыз алып жүру, сақтау немесе сату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.

Алайда соңғы уақытта интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілер арқылы тыйым салынған заттарды сату, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда алып жүру фактілері тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер – заңға қайшы, ал оның салдары – ауыр.

Осыған орай, Қордай аудандық полиция бөлімі тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қару-жарақты және оған ұқсас бейімделген заттарды заңсыз иемденуден, сатудан немесе алып жүруден бас тартуға шақырады.

Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік. Тыныштықты сақтау – өзіміз үшін қажет.

Заңды бұзу – өзіңе де, өзгеге де зиян. Ал заңды сақтау – амандықтың, қауіпсіздіктің, болашақтың кепілі.

Егер сіз заңсыз қару айналымы немесе сатылымы туралы қандай да бір мәліметке куә болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Қордай аудандық полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.