Қарулы Күштер қатарын жас сарбаздар толықтыруда

0

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің қатарын жас сарбаздар толықтыруда.
Жас сарбаздар Қазақстанның барлық аймақтарынан шақырылды. Олар казармаларға орналастырылуда. Әскери бөлімдерде жас сарбаздардың келуіне орай алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, қажетті жағдайдың бәрі жасалды.
Қазіргі таңда әскери бөлімдердің психологтары жас сарбаздармен жеке сұхбаттар мен психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Тәжірибелі психологтар сарбаздарға әскери қызмет жағдайына жылдам бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар жас толымдар жиыны әкімшілігінің офицерлері мен сержанттары жас сарбаздарға әскери істің қыр-сырын үйретіп, жалпыәскери жарғылардың ережелерімен таныстырады.
– Мен Керейхан Айбат Азаматұлы бүгін Алматы облысы Талғар қаласынан 21450 әскери бөліміне Гвардейск гарнизонына өзімнін әскери борышымды өтеуге келіп тұрмын. Бізге барлық жағдай жасалып, жақсы қарсы алғаны ұнады. Бізді үйретіп жүрген бүкіл сержанттарға, және де басқа әскери құрамға алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен өзімнің әскери борышымды, әскери парызымды орындауға тырысып, Отанымды, әке-шешемді, үйімді қорғауға үлесімді қосамын, – деді қатардағы жауынгер Айбат Керейхан.
Алдағы уақытта жас сарбаздар әскери ант рәсіміне дайындалатын болады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.