ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАҚТАУЛЫ МАМАНЫ

0

Кәсіпорындағы ең маңызды қызметтердің бірі – бухгалтер маман. Ол барлық қаржы мен есеп-қисапқа жауапты.

Манзура Шамахунова — аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорнының бас бухгалтері, әрі өзінің мамандығына толықтай берілген, тәжірибелі білікті маман. Қызылорда қаласының тумасы Манзура Аблекейқызы, бес жасында ата-анасының қызметіне байланысты Қордай ауылына қоныс аударған екен.

Оның ата-анасы – еңбекқор және ұлағатты адамдар. Әкесі Қызылордада қағаз және полиэтилен шығаратын өндірісте инженер болып қызмет атқарып, өз ісінің нағыз шебері бола білген. Ол ұл-қыздарына жетістіктерге жетуге деген ынтаны сіңіруі арқылы, отбасын тұрақтылық пен еңбекқорлыққа, өзіне деген сенімділікке тәрбиеледі. Анасы үй шаруасымен айналысып, балаларына мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық атты ең асыл қасиеттерді үйретті. Білім алуға деген ынтасы кейіпкеріміздің бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ол Қырғыз-Ресей Славян университетінің «бухгалтерлік есеп және аудит» факультетін табысты аяқтады.

2011 жылы бухгалтердің көмекшісі ретінде еңбек жолын бастаған ол, ұжымдастары арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған жұмыста, өз білімін озық түрде қолдануда.

Бүгінде Манзура аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының бас бухгалтері қызметінде. Оның кәсіби өмірі, есептің үлгісінен бастап, тиімсіз жұмсалатын шығындарымен жұмыс жасауға дейінгі көптеген маңызды мәселелермен байланысты. Осы қызметтегі жеткілікті тәжірибесі оның шынайы кәсіпқой екенін айқын көрсетеді.

Ол қызметі арқылы, қоғамға тек сандық көрсеткіштерді қалыптастырумен ғана шектелмей, сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Манзура Шамахунованың жетістіктері, жастарға қанат бітірер, өмірдің қиындықтары мен табыстары арасынан жол табатындығын көрсетеді. Оның қайсарлығы, білімге деген қызығушылығы, қоғамға берер үлесі — бұл мансаптық және жеке өмірде табысқа қол жеткізудің кілті. Манзура Шамахунова — тек білікті бухгалтер ғана емес, сонымен қатар, өзінің отбасын, әрі кәсібін адал сүйетін, еңбекқор адам.

Ол әрдайым алға қарай жылжып, ізденісінде өзі таңдап алған жолында жан-жақтылыққа ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруға дайын.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.