Жыл сайын 15 қараша күні Қазақстанда қаржы жүйесінің қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күн Ұлттық валюта күнімен тұспа-тұс келеді. Егеменді Қазақстанның қаржы жүйесі 1993 жылы бастау алып, Тәуелсіздік жылдары дамып, аяғына нық тұрды. Егемендіктің 30 жылында еліміздің қаржы саласының дамуына үлес қосқан біртұтас білімді, мықты қаржыгерлер буыны қалыптасты.
Дүйсенбі күні аудан әкімдігінде қаржы саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай аталмыш сала қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейін атап өтті, тілегін жеткізді.
«Бүгін сала үздіктеріне құрмет көрсетіп жатырмыз. Егеменді және тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің бірі — ұлтық валютасы мен қаржы жүйесі екені анық. Біздің төл валютамыз – теңгені бүкіл әлем мойындаған, ал оның дизайны әртүрлі байқауларда топ жарғаны мақтаныш тудырады. Қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, бар жақсылық тілеймін», — деген Дамира Маратқызы бірқатар мамандарға марапттарын табыс етті. Бұл күні Жамбыл облысы мәслихатының Құрмет грамотасымен аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Н.Абдрашев, Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамоталары аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Абдужалиеваға, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы — бас қазынашысы И.Құдайбергеноваға тапсырылса, аудан әкімінің Алғыс хатымен аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы — бухгалтері А.Бармақбаева, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Н.Рахимова, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы Д.Меирманова, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің есепшісі Г.Әлімжанова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Дүйсебаева, Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы — есепшісі Ж.Қызырова, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері Ж.Естемесова және А.Муналова, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас мамандары Г.Алданазарова, Р.Нұрмахамбетова марапатталды. Аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маманы-бас қазынашысы Қ.Ахметова, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Кишкенова, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас мамандары Г.Досалиева және Э.Байжігітова марапатталды. Аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің статисттері Г.Сейдалы және Л.Бақбергеноваға тапсырылды.
Серғазы МАНАСБАЕВ