ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҒУДЫҢ НАҚТЫ ЖОЛЫ

0

Қазіргі таңда елімізде азаматтардың қаржылық тұрақтылығын арттыру және қарыз жүктемесін азайту мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» атты әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Жоба банк немесе микроқаржы ұйымдары алдында берешегі бар, төлем қабілеті төмендеген азаматтарға нақты көмек көрсетуге бағытталған.

«Қарызсыз қоғам» жобасы келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:

Қарыздан заңды жолмен шығу жолдарын түсіндіру;

Қаржылық сауаттылықты арттыру;

Қарызды қайта құрылымдау немесе төлемдерді кейінге шегеру бойынша кеңес беру;

Қаржы ұйымдарымен тиімді келіссөз жүргізуге жәрдемдесу;

Төтенше жағдайда әлеуметтік көмек алу жолдарын көрсету.

Жобаға келесі азаматтар қатыса алады:

Төлем қабілеті нашарлаған тұрғындар;

Несие немесе микрокредит бойынша берешегі барлар;

Қаржы ұйымдарының қысымына ұшыраған азаматтар;

Қарызын заң аясында шешкісі келетін кез келген адам.

Жоба аясында қандай көмек көрсетіледі?

Құқықтық және қаржылық кеңес беру;

Қарызды өтеу жоспарын әзірлеу;

Қарыз алушыны заң аясында қорғау тетіктері;

Тегін жеке қабылдау және консультациялар ұйымдастыру.

Ең бастысы – жоба толығымен тегін, ешқандай төлем талап етілмейді.

Ресми байланыс нөмірлері:

Қоңырау шалу үшін: 8 700 855 85 85, 8 708 808 01 54

WhatsApp үшін: 8 700 023 01 44

Назар аударыңыз!

Жобаға қатысты тек осы ресми байланыс арналарына жүгіну қажет. Бөгде нөмірлерден келген хабарламалар мен күмәнді сұранымдарға сенбеу, жеке құжаттарды белгісіз адамдарға жолдамау ескертіледі.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы барлық азаматтарды өз құқықтарын қорғауға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және қиын жағдайдан уақытылы әрі дұрыс ақпаратпен шығуға шақырады.

 

 «AMANAT» партиясының

Қордай аудандық  филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.