Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді. Кездесуде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Мемлекет басшысы Түркияны Қазақстан үшін бауырлас әрі сенімді серіктес деп атап, екі ел арасындағы тарихи тамыры терең байланыстар халықтар достығын нығайтып отырғанын айтты.
Президенттің сөзінше, қазіргі таңда қазақ-түрік қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ мемлекетаралық, үкіметаралық және парламентаралық байланыстардың жоғары деңгейде екенін жеткізді.